Руслан Курбанов семсерлесуден күміс медаль жеңіп алды

Семсер қаруымен айқасудан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Курбанов Богота (Колумбия) қаласында өткен Гран-при турнирінде күміс жүлдеге ие болды.
Алайда шешуші финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы жапониялық Акира Коматаға 10:15 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, өзбекстандық Вадим Анохин мен француз Луиджи Мидельтон үшінші нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ, Ерлік Сертай да үздік ондықтың қатарына еніп, турнирді сегізінші орынмен аяқтады.