Ерасыл Сәулебеков Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының өкілі Ерасыл Сәулебеков Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.
Екінші орынға өзбекстандық Бекзод Гофиржонов орналасты – 341 (151+190) келі. Үшінші орынды үндістандық Сайраж Пардеши иеленді – 338 (152+186) келі.
Айта кетейік, 8 шілдеде Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Кира Данилова жасөспірімдер арасында чемпион атанған болатын.