Қырғызстанда 4, 5 балдық жер сілкінісі болды

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 24 минут 12 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған. «Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы — 4,5. Тереңдігі — 10 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», — делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.

Фото: aa.com.tr