Иран мен Сауд Арабиясы қарым-қатынасын қалпына келтіретін болып келісті

Иран мен Сауд Арабиясы билігі екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге келісті, олар елшіліктерін екі ай ішінде ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Alashorda.kz сайты  ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның жазуынша, бірнеше күн бойы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани мен оның Сауд Арабиясындағы әріптесі Бейжің қаласында келіссөз жүргізген.

Нәтижесінде үшжақты мәлімдеме қабылданды.

Тегеран мен Эр-Рияд дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге және ең көбі екі ай ішінде елшіліктерді қайта ашуға келісті.