«Жайылы мектептің» материалдық базасы өте жоғары деңгейде»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауында «Жайлы мектеп» жобасы туралы айтқан еді. Аталған жолдауда  президент «2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз» деген болатын.

«Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» делінген Жолдауда.

Астанадағы №105 мектеп президенттің жолдауынан кейін ашылған білім ұясы болып саналады. Биыл қыркүйекте ашылған мектепті 33 жастағы Мейірім Ашуұлы басқарады.

«Жалпы «Жайылы мектеп» жобасының материалдық базасы заман талабына сай жабдықталған. Мұғалімге де, оқушыға да бұл жағдай жақсы әсер етіп жатыр. Әсіресе мұғалімдер мен оқушыға емін-еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Себебі материалдық базасы өте жоғары деңгейде. Қазіргі таңда «Жайлы мектеп» жобасының концепциясы құрылып жатыр. Бұл мектепке оқушыларға материалдық база ғана емес, әр баланың жеке-дара білім алып, психолиялық тұрғыдан мықты болуына ықпал етеді. Яғни, баланың буллингке ұшырамай, барынша емін-еркін болуға мүмкіндік береміз.

«Жайлы мектепке» ұстаздарды арнайы конкурс ұйымдастырып, іріктеп аламыз. Осы конкурста ең жоғары көрсеткіш көрсеткен мұғалім қызметке алынады. Бұл талап барлық мектептерде іске асып жатыр», – дейді ол.

Шынар АҚЖАНҚЫЗЫ