Трамп тәжірибесі жоқ Пит Хегсетті Пентагон басшысы етті

Fox News телеарнасының бұрынғы жүргізушісі Пентагон басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты bbc.com сілтеме жасап.

АҚШ Сенаты Пит Хегсетті Пентагонның басшысы етіп бекітті,  бірақ оның  кандидатурасына республика партиясының өкілдеріне күмәнданып, қарсы пікірде  болды

Хегсет Fox News арнасында көп жылдар бойы «Fox & Friends Weekend» шоуын жүргізген, Ауғанстан мен Иракта әскери борышын өтеген ардагер және Дональд Трамптың адал жақтасы ретінде танылған тұлға. Ол Пентагонды басқаруда  түбегейлі өзгерістер енгізуге уәде берді, алайда кейбір республикашылдар оның саяси және басқарушылық тәжірибесі жоқ екендігін айта отырып, күмән білдірді.

Дауыстар Сенатта тең бөлініп, 50-де 50 болып, шешуші дауыс беруді АҚШ вице-президенті Джеймс Дэвид Вэнс қабылдады. Ол Капитолийге келіп, Хегсеттің кандидатурасын қолдады, осылайша тележурналист Пентагонның жаңа басшысы болып тағайындалды. Алайда Хегсетке қарсы шыққан үш республикашыл сенатордың ішінде Митч МакКоннелл Пентагонды басқару үшін оның тәжірибесі жеткіліксіз екенін айтты. Ол «Тек өзгерістер агенті болу, бұл лауазымды атқару үшін жеткіліксіз», деп айта өтті.

Пентагонның жылдық бюджеті 1 триллион долларды құрайды, бірақ Хегсет осы уақытқа дейін тек 100 адамды басқарған және ең үлкен бюджеті 16 миллион доллар болғанын айтты. Оның саяси тәжірибесі шектеулі: тек бір рет Миннесота штатында республикашылдар атынан сенаторлыққа кандидат болып жеңілген. Сонымен бірге, оның жеке өміріне қатысты даулы оқиғалар да бар. Бұрынғы келіні оның екінші әйеліне қатты қатыгездік көрсеткені туралы айтылды. Әйелінің жиі шкафқа тығылып, қиын жағдайға тап болған кезде достарынан көмек сұрау үшін арнайы құпия сөз қолданғаны туралы да айтылды. Aл  Хегсет оның әйелі бұл айыптауларды жоққа шығарып, қандай да бір физикалық зорлық-зомбылықтың болғанын теріске шығарды.

Хегсет армияда майор шенінде қызмет етіп, Ирак пен Ауғанстандағы әскери операцияларға қатысқан. Сондай-ақ ол Гуантанамо базасында да қызмет атқарып, ардагерлердің құқықтарын қорғау ұйымын басқарған. Бірақ та ол мемлекеттік құрылымдарда мүлде жұмыс істеген жоқ. Fox News арнасында жүргізуші болып жүріп, ол НАТО-ның одақтастарын жиі сынап, Қытайдың АҚШ-ты жеңу үшін арнайы әскери қуат құрып жатқанын мәлімдеген болатын.