Мәзір
Мәдениет

«Әбден араққа тойыппыз, мас болып, қашан қайтқанымды бiлмеймiн»

«Әбден араққа тойыппыз, мас болып, қашан қайтқанымды бiлмеймiн»

Кино және театр актері Асанәлі Әшімов күнделігінде Әнуар Боранбаевтың қазасы кезіндегі оқиғаны жазады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

11.08.85

Елдiң бәрi, кәрi-жасы Әнуардың өлiмiне қайғыруда. Жерiн бiздiң жiгiттердiң өздерi қазды. Чапай екеумiз бiздiң үйге келдiк. Осы жерден моргке барсақ бiздiң балалар келмептi. Моргке өзiм кiрдiм. Әнуарды көрдiм, жуып киiндiрдi. Одан үйiне алып келдiк. Түнгi сағат 3-ке шейiн болдым. Үйге келiп сағат 7-ге шейiн ұйықтап алып, қайта бардым. Сағат 10-да театрға әкелдiк. Адам көп болды. Сахнаға да апарып қойдық. Киiмдерiн iлiп қойып, бiр айналдырып шықты.

Әбден араққа тойыппыз, мас болып, қашан қайтқанымды бiлмеймiн.
12 тамыз күнi Әнуарды жерлеген күн... Тiрiңде «жәй Әнуар» деп жүре берушi едiк, өлгеннен кейiн бiлдiм. Үлкен актер, үлкен адам екенсiң менiң досым, сүйiктi партнерiм – Әнуарым!!!

***

13.08.85

«Амангелдi». Репетиция. Толтырып бiр стакан арақ iштiм. Қалмахан, Сейдахандар болды. Бүгiн Ермек (Әнуардың баласы) Барнаулдан службадан келдi. Соны үйiнде күтiп алдық. Моласының басына апарып қайттық. Сәбира апай да бар. Адамгершiлiгi мол кемпiр ғой.

     *** 
 

19.08.85

Әнуардың баласы Ермекке тағы он күн отсрочка алу үшiн әскери комендатураға Виктор Пұсырмановты ертiп бардым.

***

5.03.86

«Қан мен тер» спектаклі жақсы жүрдi. Халық тiк тұрып қарсы алды. Спектакль бiткен соң Әнуардың баласы Ермек үйленген, соған кiрiп шығуға тура келдi. Баянның осыдан екi күн бұрын: «Әкесiнiң орнындасың» деген сөзi батты.

 

***

8.04.86

Театрға келдiм. Көңiл-күй онша емес. Құрдастарыңның жоқ болғаны – трагедия екен.
 

***

12.09.86

Баянның Әнуардың бөлмесiне кiрмегенiне бiр жылдан асқан екен, үстел жасап Әзекең, Қалмахан, т.б. бардық.

 

***


13.06.88

Сағат 14.00-де Әнуардың үйiнде, елу жылдығын атап өттік. Мен соңғы сөз айттым: «Ылғи жақсы жiгiттерден ерте айырылып, жағдай нашарлап қалды. Мен де, Фарида сен де, Сәбит сен де сволыштармыз» деп бөстiм.