Мәзір
Әлем

Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс қайта ушықты

Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс қайта ушықты
Anadolu Ajansı

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран зымыран жасауын және ядролық бағдарламасы бойынша жұмыстарын жалғастырған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі BILD агенттігіне сілтеме жасап.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Мар-а-Лаго резиденциясында өткен кездесу барысында ол АҚШ қажет болған жағдайда тікелей араласуға дайын екенін айтты.

«Біз мұны бірден жасаймыз», – деді Трамп.

Тегераннан жауап та көп күттірмеді. Иранның рухани көсемі Әли Хаменейдің кеңесшісі X әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде елдің зымыран арсеналын ешкім шектей алмайтынын атап өтіп, былай деп ескертті:

«Кез келген агрессия оған жоспар құрғандардың қиялынан да асып түсетін жедел әрі қатаң жауапқа ұшырайды».

Маусым айында Израиль он екі күн бойы Иранға қарсы әскери қақтығыс жүргізіп, АҚШ-пен бірлесіп елдің негізгі ядролық нысандарына әуе соққыларын жасаған болатын. Бітімге қарамастан, жанжал толық шешілді деп саналмайды. Израиль тарапының мәліметінше, Тегеран зымыран арсеналын қалпына келтіру жұмыстарын қайта бастаған. Трамп егер Иран қайта қарулануға кіріссе, салдары бұрынғыдан да ауыр болуы мүмкін екенін ескертті.