Мәзір
Әлем

Иран Президенті Америка халқына үндеу жолдады

Иран Президенті Америка халқына үндеу жолдады
Сурет ашық дереккөздерден алынды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Иран Президенті Америка халқына үндеу жасады

Масуд Пезешкиян АҚШ-тың соңғы әрекеттерін сынға алып, Иранды «қауіп» ретінде көрсету – қару-жарақ алпауыттарының мүддесі үшін жасалған жасанды образ екенін мәлімдеді.

1 сәуірде Иран Президенті Масуд Пезешкиян өзінің «X» әлеуметтік желісінде Америка халқына арналған ашық хатын жариялады. Бұл үндеу АҚШ Президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ұлтқа жолдауы алдында жарық көрді. Хатта Теһеран мен Уашингтон арасындағы тарихи қайшылықтар, санкциялардың зардабы және аймақтағы әскери агрессия мәселелері көтерілді https://nordictimes.com/world/irans-president-open-letter-american-people/.

Тарихи сенімсіздіктің тамыры

Пезешкиян өз хатында екі ел арасындағы қатынастың ушығуына 1953 жылы ОББ (СІА) қолдауымен болған мемлекеттік төңкерісті негізгі себеп ретінде атайды. Оның айтуынша, Иранның табиғи ресурстарын ұлттық игілікке айналдыруға кедергі жасаған бұл оқиға ирандықтардың жүрегінде АҚШ саясатына деген терең сенімсіздік ұялатты. Бұдан бөлек, 1980-жылдардағы соғыста АҚШ-тың Саддам Хусейнді қолдауы және ондаған жылдарға созылған экономикалық санкциялар бұл ахуалды қиындата түскенін алға тартты.

Қлджан жасалған «Жасанды жау» образы

Иран басшысы өз елінің ешқашан агрессор болмағанын:

«Иран өз тарихында ешқашан соғыс бастаған емес. Алайда, шабуыл жасағандарға әрқашан лайықты соққы беріп келеді. Иранды «қауіп» ретінде көрсету – әскери өнеркәсіп пен саяси топтардың мүддесі үшін ойлап табылған саяси құрастырма (конструкт)», — деп жазбасында баса айтты.

Президенттің пікірінше, АҚШ Иранның айналасына әскери базаларын шоғырландырып, келіссөздер жүріп жатқан тұста агрессия таныту арқылы халықаралық құқықты бұзып отыр. Ол Иранның қорғаныс қабілетін арттыруын «агрессия емес, өзін-өзі қорғауға бағытталған байсалды жауап» деп атады.

Санкциялар мен ішкі даму

Хатта Пезешкиян санкциялардың ауыр зардаптарына да тоқталды. Ол қатерлі ісікке қарсы дәрі шығаратын зауыттардың атқылануын және инфрақұрылымдардың қиратылуын «әскери қылмыс» деп бағалады. Соған қарамастан, ол Иранның білім беру, медицина және жоғары технологиялар саласында үлкен жетістіктерге жеткенін, сауаттық деңгейінің 30%-дан 90%-ға дейін өскенін мақтанышпен атап өтті.