Мәзір
Әлем

Мадрид Қытайды жаһандық сахнада белсенді болуға шақырады

Мадрид Қытайды жаһандық сахнада белсенді болуға шақырады
Сурет Ашық дереккөзден алынды

Испания премьер-министрі Педро Санчестің Бейжіңге сапары: Қытайды көпполюсті әлемде белсенді рөлге шақырды:

Айтары жоқ, Испания премьер-министрі Педро Санчестің Қытайға ресми сапары халықаралық саяси күн тәртібінде маңызды оқиғаға айналды. Бейжіңдегі Цинхуа университетінде сөйлеген сөзінде Санчес Қытайды климаттың өзгеруі, жаһандық қауіпсіздік, жасанды интеллектті реттеу және ядролық қаруды бақылау мәселелерінде жауапкершілікті күшейтуге шақырды. Бұл үндеу — Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық диалогтың жаңа кезеңін ашатын белгі болуы мүмкін https://www.reuters.com/world/china/spanish-premier-urges-china-take-bigger-role-multipolar-order-2026-04-13/.

Көпполюсті әлем: Қытайға жүктелетін үміт

Санчестің пікірінше, АҚШ-тың көптеген халықаралық бастамалардан біртіндеп шеттей шегінуі жағдайында Еуропа мен Қытай жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаруы тиіс екеніні сөз ете келе: «Мысалы, Қытай халықаралық құқықтың сақталуын талап етіп, Ливан, Иран, Газа, Батыс Жағалау және Украинадағы қақтығыстарды тоқтатуға үндеу арқылы өз үлесін қоса алады», — деді испан үкімет басшысы.

Бұл мәлідеме Еуропа Одағының Қытайға қатысты «серіктес, бәсекелес және жүйелік қарсылас» деген үштік тәсілін нақты іс-әрекетке айналдыруға ұмтылғанын көрсетеді. Испания — ЕО ішінде Қытаймен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді және оны геосаяси серіктес ретінде қарастыруды ең белсенді қолдайтын елдердің бірі болып табылады.

Экономикалық теңгерім: Тауар айналымындағы асимметрия

Санчес сапарының екінші маңызды аспектісі — сауда-экономикалық қатынастар болып саналады. Ресми деректер бойынша, Қытай Испанияның жалпы сауда тапшылығының 74%-ын құрап, ал 2025 жылы бұл көрсеткіш шамамен 50 миллиард АҚШ долларына жетіп отыр.

Испания үкіметі ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі өнімдерін экспорттауды ұлғайту арқылы осы теңсіздікті азайтуды көздейді. Бұл — тек екіжақты мүдде ғана емес, сонымен бірге Еуропа мен Қытай арасындағы «өзара тәуелділікті басқару» стратегиясының сынақ алаңы да болып есептелінеді.

Геосаяси контекст: Батыс пен Шығыс арасындағы тепе-теңдік

Санчестің Бейжіңге сапары — соңғы төрт жылдағы төртінші ресми визиті. Бұл жиілік Мадридтің Қытаймен тұрақты диалогты сақтауға деген стратегиялық ниетін айқын көрсетеді. Сапар алдында Қытайға Ұлыбритания, Ирландия, Канада және Финляндия премьер-министрлері де барып қайтқан еді.

Бұл «дипломатиялық толқын» Батыс елдерінің Қытаймен қақтығыс емес, конструктивті ынтымақтастық арқылы жаһандық мәселелерді шешуге ұмтылғанын білдіреді. Әсіресе Таяу Шығыстағы соғыс, климат дағдарысы және жасанды интеллекінің реттелмеген дамуы сияқты шақырулар алдында бұл тәсілдің маңызы артып келеді.

Сараптамалық баға: Мүмкіндіктер мен тәуекелдер

Санчестің үндеуі бірнеше маңызды саяси сигналдарды қамтидыү онаң ішінде позитивті аспектілерге:

Қытайдың жаһандық басқару жүйесіндегі рөлін заңдастыру арқылы көпполюсті әлемнің институционалдануына ықпал ету;

Еуропа-Қытай диалогы арқылы АҚШ-сыз да халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету мүмкіндігі;

Климат, денсаулық сақтау, технологиялық этика салаларында нақты ынтымақтастық жобаларын іске қосу жастса.

Ал, тәуекелдерге:

Қытайдың «жауапкершілікті күшейту» шақыруларын өз геосаяси мүдделеріне сай түсіндіру қаупі;

ЕО ішіндегі Қытайға қатысты бірыңғай көзқарастың жоқтығы (мысалы, Германия, Франция және Шығыс Еуропа елдерінің позицияларындағы айырмашылықтар);

Сауда теңсіздігін шешуде протекционистік шаралардың күшеюі және сауда соғыстарының қаупі жатады.

Сөз түйіні: Диалог — тұрақтылықтың кілті

Педро Санчестің Бейжіңдегі сөзі — тек дипломатиялық риторика емес, Еуропа мен Қытай арасындағы жаңа серіктестік моделін қалыптастыруға бағытталған стратегиялық қадам болып табылады. Қытай мен Испания басшыларының кездесуінде геосаяси мәселелер басымдыққа ие болары күтілуде.

Қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайында көпполюсті әлем тәртібі — бұл идеал емес, өмірлік қажеттілік те. Ал оның табысты болуы ірі державалардың жауапкершілікті бөлісуге дайындығына тікелей байланысты. Испанияның бастамасы — осы күрделі теңдеуді шешудің бір жолы дер едік.