Мәзір
Саясат

НАТО Кремльге азу тісін көрсетуі керек: Петр Павел РФ авиациясын атып түсіруге және интернетті бұғаттауға шақырды

НАТО Кремльге азу тісін көрсетуі керек: Петр Павел РФ авиациясын атып түсіруге және интернетті бұғаттауға шақырды
Сурет Ашық дереккөзден алынды

Чехия Ресейге қысымды күшейтуді ұсынды

Чехия президенті Петр Павел НАТО-ны Ресейдің Шығыс Еуропадағы әрекеттеріне қатаң әрі «асимметриялық» жауап беруге шақырды. Ол өзінің Чехия президенті британдық The Guardian басылымына берген сұхбатында Мәскеу альянстың «қызыл сызығын» әдейі бұзбай, бірақ оған өте жақын әрекет етіп отырғанын мәлімдеді https://www.theguardian.com/world/2026/may/22/czech-president-petr-pavel-nato-show-teeth-russia-provocations.

Петр Павелдің айтуынша, Ресей соңғы жылдары НАТО-ның шығыс қапталында тұрақсыздық тудыратын жаңа тактика қалыптастырған. Оның пікірінше, Кремль тікелей әскери қақтығысқа бармай-ақ, альянс елдеріне қысым көрсетуді жалғастырып келеді. Чехия президенті мұндай жағдайда Батыс тек дипломатиялық мәлімдемелермен шектелмеуі тиіс екенін айтты.

Чехия басшысы ықтимал шаралардың қатарында Ресейді жаһандық интернет жүйесінен ажырату, ресейлік банктерді халықаралық қаржы инфрақұрылымынан толықтай шығару және НАТО әуе кеңістігін бұзған ұшақтарды атып түсіру мүмкіндігін атады.

«Өкінішке қарай, Ресей әдемі сөздерді түсінбейді. Ол күш тілін ғана түсінеді», — деді Петр Павел.

Ол Батыстың әлсіз реакциясы Мәскеуді одан әрі батыл қадамдарға итермелеуі мүмкін екенін ескертті. Чехия президентінің пікірінше, егер қазіргі әрекеттерге нақты жауап берілмесе, Ресейдің арандатушылық қадамдары күшеюі ықтимал.

Сонымен қатар Петр Павел Еуропа елдерін Ресейге қатысты дербес стратегия қалыптастыра алмады деп сынға алды. Оның айтуынша, көптеген мемлекеттер әлі күнге дейін Уашингтонның шешімін күтумен келеді. Чехия президенті Ресейге қысымды күшейту үшін ең тиімді кезең өткен жылы болғанын, алайда қазір де санкциялық қысымды арттыруға соңғы мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Ол санкцияларды жеңілдету мәселесі тек Украинадағы соғысты тоқтату және бейбіт келіссөздер басталған жағдайда ғана қарастырылуы мүмкін екенін атап өтті.

Павелдің бұл мәлімдемесі Балтық аймағындағы соңғы оқиғалар аясында жасалды. Соңғы күндері Эстония аумағында НАТО жойғыш ұшағы белгісіз дронды атып түсіргені хабарланған еді. Бұған дейін Латвия мен Литва аумағында да ұшқышсыз аппараттардың әуе кеңістігін бұзу факілері тіркелген. Батыс басылымдарының мәліметінше, олардың бір бөлігі Ресейдің радиоэлектрондық күрес жүйелерінің ықпалынан бағытынан жаңылған украин дрондары болуы мүмкін деліне бастады.