Мәзір
Заң мен тәртіп

Қарттар күні сотталушы анасымен кездесті

Қарттар күні сотталушы анасымен кездесті

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №58 мекемесі Халықаралық қарттар күніне орай қарт ананы құттықтады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

№58 мекеме қызметкерлерiнiң айтуынша, 1 қазан – аға буынның жасын еске түсіру емес, қарт адамдарға ерекше көңіл бөлу күні, қамқорлық пен қолдау көрсетудің тағы бір мүмкіндігі. 
«Әр ардагердің өмір жолы – тарих беттеріндегі қымбат мұра. Дәстүр бойынша мереке қарсаңында мекеме қызметкерлері мекемеде жазасын өтеп жатқан А., есімді ұлына кездесу бөлмесіне келген қарт Ананы құттықтап, сый-сияпат жасап, мекеме бастығының ыстық ықылас Алғыс хатын жеткізді. Қарт ана барлығына зор денсаулық, тамаша көңіл-күй, жігер мен көтеріңкі көңіл-күй тілеп баласының тезірек отбасына оралуына өз Аналық тілектерін жеткізді», – дейді №58 мекеме қызметкерлерi.