Мәзір
Экономика

Қауіпті саяси сөздер: олигархтар, тамиздат, соғыс бюджеті және ядролық соққы

Қауіпті саяси сөздер: олигархтар, тамиздат, соғыс бюджеті және ядролық соққы
Сурет ашық дереккөздерден алынды

 «Олигархтар»: халық пен биліктің арасындағы қарапайым схема

«Олигарх» сөзі бүгінгі Ресейдегі ең оңтайлы манипуляция құралдарының біріне айналды. Бұл термин қоғамды екі лагерьге: бір жағында «біртұтас халық», екінші жағында «ресурстарды тонаушы зұлым топ» деп бөледі. Мұндай қарапайым схема күрделі әлеуметтік мәселелерді терең талқылауды мүлдем жоққа шығарады https://ru.themoscowtimes.com/2024/11/22/opasnie-politicheskie-slova-oligarhi-tamizdat-voennii-byudzhet-yadernii-udar-a148491.

Бұл сөздің тарихы қызықты. 1990-жылдардың басында Ресейде «олигарх» деген сөзді естіметін де едің. Қоғам аяғын қаз басқан жаңа капиталистер байып, кейін демократияның тірегі болады деп үміттенді. Бірақ 2003 жылы «Мемлекет және олигархия» атты доклад шыққан соң жағдай түбегейлі өзгерді. Бұл доклад Михаил Ходорковскийді тұтқындауға жол ашты.

Кейін Кремль бұл сөзді кез келген азаматтық наразылықтың артында тұрған күш ретінде қолдана бастады. Мақала авторының пікірінше, «олигарх» сөзін естіген бойда, оның артында қоғамды қаққа бөлуге бағытталған манипуляция тұрғанын білу керек.

«Тамиздат»: еркін сөздің шекарадан тыс өмірі

Кеңес дәуірінде «самиздат» (өз бетімен басу) ұғымы болды. Ал «тамиздат» дегеніміз – бұл шетелде жарық көрген орыс тіліндегі басылымдар. Бүгінде соғысқа байланысты Ресейден кеткен жазушылар мен баспалар саны күрт өсті.

Ресей билігі мәдениетті де «өз» және «жат» деп бөлуге көшті. Аталған бөлудің кесірінен Ресей ішінде қалған мәдениет бірте-бірте «мемлекет қол астына қарап» (мемлекеттік тапсырысқа қызмет ететін) күйге айнала бастады. Ал шетелде шыққан орыс тіліндегі кітаптар – еркін сөздің бірден-бір сақтаушысына айнала бастағаны өмір шындығы. Бұл – ресми «орыс әлемі» емес, ондан түр-түсі бөлек, мүлдем басқаша, тәуелсіз мәдениет ошағы.

Автордың айтуынша, бүгінгі тамиздат Кеңес дәуіріндегідей, адамның бойындағы ішкі еркіндікті түртпектеп оятады.

Соғыс бюджеті: халықты соғыстың бенефициарына айналдыру

Ресейдің жаңа бюджеті соғыстың кеңеюін ресми түрде жариялап жүр. Енді бюджет халықты соғыстың бенефициары (пайда алушысы) етуге бағытталып отырған жайы бар. Соғысқа дейін әлеуметтік сатының төменгі сатысында жүрген адамдар бүгінде жалақысын көтеріп, жылжымайтын мүлік сатып алып, жаңа өмір сүру деңгейіне қол жеткізе алды десек әсте қалт айтпаймыз.

Бұл – қауіпті факт. Өйткені мұндай адамдар кейін «соғыс – өмірімдегі ең бақытты кезең» деп айтады. Автордың пікірінше, Ресей билігі халықтың өмірлік тәжірибесін соғыс арқылы қайта өңдеп жатыр.

Бюджеттің екінші жағы – мәдениетке қаржы бөлу. Кремль Украинада қалаларды қиратып жатқанда, Ресей ішінде «позитивті контент» жасауға ақша бөледі. Концерттер, кулинарлық шоулар, Алтайға саяхат – мұның бәрі «қалыпты өмірдің» көрінісін жасау үшін керек. Мақсат – адамдардың назарын соғыстың ащы шындығынан басқа жаққа бұру болып табылады.

Ядролық соққы: шантаж немесе нақты қауіп?

Владимир Путин жақында Ресейдің жаңа ядролық доктринасына қол қойды және Днепр қаласын «Орешник» зымыранымен атты. Бұл – аса қауіпті саяси риторика. 2014 жылға дейін Ресейден мұндай ядролық қауіп үні естілмеген еді. Қазір мұны Медведев те, Киселев те, Караганов та ауыздары көпіріп айтып жатыр.

Автордың пайымдауынша, Кремльдің ядролық риторикасынан қорықпау керек. Бірақ бұл шантажға да көнбеу керек. Егер әлем Путиннің ядролық шантажына көнсе, бұл жаһандық қауіпсіздік жүйесінің толық күйреуін білдіреді.

Сөз түйіні: біз жоғарыда тілге тиек еткен саяси-экономикалық атау сөздердің әрқайсысы – қарапайым атау емес. Олардың артында адам өмірін, мәдениетті және бүкіл әлемді қатерге тігетін саясат тұр.