Мәзір
Заң мен тәртіп

Қазақстандықтардың табыс деректерінен кім қалай пайда тапқан?

Қазақстандықтардың табыс деректерінен кім қалай пайда тапқан?
Сурет Ашық дереккөзден алынды

Қазақстандықтардың табыс деректерінен кім қалай пайда тапқан?

Алматыда ірі жемқорлық ісі бойынша тергеу аяқталды

Алматы қаласында қазақстандықтардың табысы туралы деректерді пайдалануға қатысты ірі іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Іс аясында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының (ЦРТР) және «Бірінші кредиттік бюро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ПКБ) бұрынғы басшылары күдікке ілінді https://exclusive.kz/kto-i-kak-zarabatyval-na-dannyh-o-dohodah-kazahstancev/.   

Тергеу мәліметінше, ЦРТР – жеке тұлғалардың табысы туралы деректерді жинайтын және ұсынатын жалғыз мемлекеттік оператор. Бұл ақпаратты екінші деңгейлі банктер мен кредиттік бюролар азаматтардың төлем қабілеттілігін бағалау үшін пайдаланады. Заңды балама дереккөздердің болмауы бұл жүйенің маңызын арттыра түседі.

Негізгі дерек алушылар қатарында «Мемлекеттік кредиттік бюро» мен «Бірінші кредиттік бюро» бар. Алайда тергеу нұсқасына сәйкес, 2020 жылы ЦРТР-дің бұрынғы президенті Данияр Арғандықов пен ПКБ-ның бас директоры Руслан Омаров өзара келісімге келіп, табысты бөлу шарттарын өзгерткен. Соның нәтижесінде ПКБ-ның үлесі 35 пайызға дейін өсіп, ал ЦРТР-дің үлесі 70 пайыздан 65 пайызға дейін төмендеген. Ал «Мемлекеттік кредиттік бюроның» үлесі өзгеріссіз – 30 пайыз деңгейінде қалған.

2025 жылдың басында ЦРТР басшылығына Асет Сарбасов келгенімен, бұл шарттар сақталған. Тергеу барысында ПКБ-ға қосымша артықшылық берген тағы бір схема анықталды. Атап айтқанда, ЦРТР мен ПКБ арасында сұраныстарды жедел өңдейтін арнайы сервис енгізілген. Ал «Мемлекеттік кредиттік бюро» желісіне керісінше, жұмысты баяулататын зиянды бағдарлама орнатылғаны белгілі болды.

Сарапшылардың бағалауынша, аталған әрекеттер салдарынан мемлекетке 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірілді.

2025 жылдың маусым айында күдіктілер – Данияр Арғандықов пен Руслан Омаров – Асет Сарбасовқа 75 мың АҚШ долларын беру кезінде ұсталған. Тергеу бұл қаражатты жоғарыда аталған жүйені сақтап қалу үшін берілген пара деп есептейді.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, олардың 1 миллиард теңгеден астам мүлкі мен бағалы қағаздарына тыйым салынды. Іс материалдары тараптарға танысу үшін жолданды.

Айта кету керек, Қазақстан заңнамасына сәйкес, сот үкімі шыққанға дейін барлық күдіктілер кінәсіз деп есептеледі. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер әзірге жария етілмей отыр.