23 маусымда мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына қол қойды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған заң бойынша онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазадан босатуды және ауыр, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың негізгі жазасының мерзімін қысқартуды көздейді.
Рақымшылық заңы шеңберінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінен бүгін екі азамат бостандыққа шықты. Мекеме қызметкерлерімен бостандыққа шыққан азаматқа алдағы уақытта қайта қылмысқа бармау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
№58 мекемесінен бостандыққа шыққан азаматтарға қажетті құқықтық және психологиялық көмек көрсетіліп, оны қоғамға бейімдеу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған рақымшылық — бұл мемлекетіміздің адамгершілік пен әділдік қағидаттарына негізделген қылмыстық саясат жүргізуінің айқын көрінісі.