АҚШ Президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарын ядролық технологиялар арқылы Айға қайта оралуды көздейтін жаңа ғарыш стратегиясын бекітті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі BILD агенттігіне сілтеме жасап.
Құжат NASA-ға Artemis бағдарламасын дамытуға рұқсат береді: 2028 жылға қарай америкалық астронавтар қайтадан Ай бетіне қонуы тиіс, ал 2030 жылға қарай онда АҚШ-тың тұрақты тірек пунктін құру жоспарлануда.
Жоспардағы ең резонансты тұстардың бірі – атом энергетикасына басымдық берілуі. АҚШ ядролық реакторларды жасап, ғарышқа жіберуді, сондай-ақ Ай бетіне атом реакторын орнатуды көздейді. Ол болашақ базаға энергиямен қамтамасыз етпек және Ақ үйдің жоспарынша онжылық соңына дейін іске қосуға дайын болады.
Бағдарлама мұнымен шектелмейді. Трамп стратегиясында «Алтын күмбез» деп аталатын жаңа жоба да бар – ғарыштық қауіп-қатерлерден қорғану жүйесі. Ол Жер маңындағы және Жер мен Ай арасындағы кеңістікте қауіптерді бақылап, ерте хабарлау мүмкіндігін беретін жаңа құралдарды қамтиды.
Сонымен қатар, Ақ үй экономикалық әсерге де үміт артып отыр: Трамптың жарлығы АҚШ-тың ғарыштық секторына кемінде 50 млрд доллар инвестиция тартуды және мемлекеттік ғарыштық технологияларды сатып алу жүйесін реформалауды көздейді.