Мәзір
Мәдениет

Ұзақ демалыс күндері не оқуға болады: Яндекс Плюс ұсынған топтама

Ұзақ демалыс күндері не оқуға болады: Яндекс Плюс ұсынған топтама

Яндекс Книги сервисіндегі оқуға тұрарлық туындылар: жаңа кітаптар мен бестеллер жарыққа шықты

Кештерін кітаппен өткізуді ұнататындар үшін — жаңа туындылар топтамасы. «Мыстангер. Соңғы тілек» – Анджей Сапковскийдің әлемге әйгілі бестселлері енді алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді. Кітап Ривиялық Геральттың шытырман оқиғалары туралы баяндайды. Аударма поляк тіліндегі түпнұсқасынан жасалған.

Сондай-ақ сервис қоры «Мёд и немного полыни» романының авторы Мария Омардың жаңа еңбегі –«Румия» туындысымен толықты. Роман отбасылық байланыстар мен өткеннің құпиялары туралы.

Ал аудиокітап форматында Айгүл Клиновскаяның «Трое из Жана-Парижа» шығармасын тыңдауға болады. Онда Оңтүстік Қазақстандағы шағын қала мен 20 жылдан кейін қайта кездесетін мектеп достарының оқиғасы суреттеледі.

Қазанда қазақстандықтар не оқыды?

Қазан айында ең көп оқылған бес кітаптың қатарына мыналар кірді: «Сиделка» – Джой Филдинг, «Бог всегда путешествует инкогнито» – Лоран Гунель, «Выбор. О свободе и внутренней силе человека» – Эдит Ева Эгер және Эсме Швалль-Вейганд, «Ген превосходства» – Дана Найдер, «30 привычек за 30 дней. План-капкан по наведению полного порядка в жизни» – Деймон Захариадис.

Ал қазан айында ең көп тыңдалған аудиокітаптар тізімі мынадай: «Один на один с жизнью: Книга, которая поможет найти смысл» – Илья Латыпов, «Опасная игра бабули. Руководство по раскрытию собственного убийства» – Кристен Перрин, «Мой толстый кошелек. Система, которая позволит разбогатеть, не прибегая к экономии» – Джон Ча, «Я и мой мужчина. Так при чем тут папа? Как преодолеть влияние родителей, исцелить детские травмы и сохранить любовь» – Жанна Оспанова,«Обед, согревающий душу» – Ким Чжи Юн.