Хаменеи Мәскеуде ме, жоқ па?
Иранның Мәскеудегі елшісі Казем Жалали жаңа жоғарғы көшбасшы Моджтаба Хаменейдің Ресейде емделіп жатқанын жоққа шығарды. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлайды.
Бұған дейін Хаменейдің денсаулығына байланысты және қауіпсіздік мақсатында ресейлік әскери ұшақпен Мәскеуге жасырын жеткізілгені туралы хабарланған болатын.
Жақында Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Иранның жаңа көшбасшысы аятолла Моджтаба Хаменеи Мәскеуге емделуге келгені туралы хабарламаға түсініктеме бермеді.
Бұған дейін кувейттік «Аль-Джарида» басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, 28 ақпанда Израильдің соққысы кезінде ауыр жарақат алған Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи емделу үшін Мәскеуге алып кеткенін жазған болатын.
Эвакуациялау үшін құпия операция қажет болды деп айтылады.
Дереккөздің айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин көмек ұсынды және Иран билігі оны қабылдады. Әскери ұшақ Хаменейді Мәскеуге жеткізіп, операция жасады және ол жеке меншік ауруханалардың бірінде емделуде. Бұл ақпаратты Тегеран мен Мәскеу ресми растаған жоқ, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.