Мәзір
Заң мен тәртіп

«Заң мен тәртіп» акциясы аясында мұғалімдер арасында турнир өтті

«Заң мен тәртіп» акциясы аясында мұғалімдер арасында турнир өтті

Елордада Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы"  ұйымдастырумен «Заң мен тәртіп» акциясы аясында мұғалімдер арасында турнир өтті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық  агенттігі.

   
   
   

Астана қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай ұстаздардың арасында өтіп жатқан бұл турнирдің маңызы зор екенін ескертті.


«Бүгін Астана қаласының мектеп мұғалімдерінің арасында волейболдан финалдық кезең өтіп жатыр. Қалалық турнир «Заң мен тәртіп» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл спорттық іс-шаралар осыдан бір ай бұрын басталған болатын. Астана қаласында орналасқан 6 ауданда аудандық іріктеу кезеңі өтті. Әр ауданның мектеп мұғалімдерінің чемпионаты ұйымдастырылды. 
Мәселен әр ауданнан 12-16 команда, жалпы саны 90-ға жуық команда сынға түсті. Бүгінгі өтіп жатқан іс-шара қалалық турнир болып саналады. Қалалық кезеңге әр ауданнан 2 командадан жалпы 12 командаға жолдама берілді. Аталған 12 команда финалдық кезеңде жеңімпазды анықтап жатыр. Аудандық кезеңде 1, 2 және 3-ші орын алған мектеп ұжымы арнайы сертификаттармен марапатталды. Бүгінгі жарыста жеңіске жеткен командаларға кубок пен арнайы сыйлықтар табыс етілетін болады.
Негізі волейболдан ұйымдастырылып жатқан бұл спорт түріне мұғалімдердің ықыласы жоғары.  Ұстаздар тарапынан ұсыныс болған соң ұсынысты назарға алып, іс-шара ұйымдастырдық», – дейді ол.


Ал Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп гимназияның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еламан Бекжанұлы аудандық турникр тарысты өткенін айтады.
«Бүгінгі іс-ашара аудандық іріктеу турнирінен басталды. Аталған іріктеуде біз бірінші орынмен қалалық турнирге жолдама алған болатынбыз. Бүгін міне біздің ұжым қалалық турнирде бақ сынап отыр.  
Негізі мұндай іс-шаралардың бізге пайдасы өте жоғары. Себебі осы Астана қаласының мұғалімдер командасының спорттық деңгейін арттырады. Осы турнирде жақсы қырынан көрінген ойыншылар Астана қаласының атынан спартакиадаға қатысатын болады. Астана қаласының мұғалімдерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында осындай іс-шаралардың көптеп ұйымдастырылғаны маңызды.  Сондай-ақ біз кәсіби тұрғыдан дамып қана қоймай, сонымен қатар біз өзара байланысты нығайта түсеміз», – дейді ол.