Қырғызстанда қар көшкіні болған жерде екі адам жоғалып кетті

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында қар көшкіні болған жерде екі адам іздестірілуде.Бұл туралы Alashorda.kz сайты Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 16 ақпанда Ала-Бука — Жаны Базар — Кировка тасжолының 80-90 шақырымында қар көшкіні жүріп, бұл учаскеде Mercedes-Benz шағын автобусының жүргізушісі мен жолаушысы қалып қойған.
Оқиға орнына Чатқал аудандық мемлекеттік әкімшілігі басшысының орынбасары, құтқарушылар мен ДЭУ жүк көлігі аттанған-ды.
Алайда, қар көшкіні жүру қаупі жоғары болғандықтан жұмыс тоқтатылды.
Шағын автобус жүргізушісі 16 ақпан күнгі сағат 17:30-дан бері байланысқа шықпаған.
Осыған байланысты 5 құтқарушы оқиға орнына арнайы көлікпен шықты.
Алайда жол учаскесіне көлікпен жету қиындық тудыруына байланысты іздеу жұмысын жалғастыру үшін жаяу жүруге тура келді.
Қосымша ақпарат кейінірек беріледі.
Фото: kabar.kg