Үш облыста тасқынға қарсы шаралар жалғасып жатыр
Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында әлі де су тасқынымен және оның салдарымен күрес жалғасып жатыр. Төтенше жағдай министрлігі осы сағаттағы жағдайды баяндады.
Атырау облысында Жайық өзенінің бойында ұзындығы 346,2 км бөген салынды.
Бұл су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді және судың Каспий теңізіне қауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні суды өткізу, алдын алу шараларын жүргізу үшін 37 елді мекенде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Құрманғазы ауданында 1 км бөген салу қалды.
Салынған бөгендерді қосымша нығайту жұмыстары жүріп жатыр.
Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде, оның біртіндеп көтеріліп жатқаны байқалады.
Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттеріндегі су деңгейі шектік белгідлен асып түсті. Жағдай бақылауда.
Құлсары қаласында су басқан үйлерден су сору жұмысы жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 66 044 текше метр су сорылды.
Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 333 070 текше метр еріген қар суы сорлып, 165 тұрғын үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, 111 құрғатылған үйде дезенфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Петропавл қаласының Борки кенті мен Карьерная көшесінде су басқан үйлер жоқ. Күн сайынғы аэровизуалды тексеру және құрғатылған аумақты дезенфекциялау жұмыстары жалғастырылуда.
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары және Торғай өзені су деңгейіне мониторинг жалғасып жатыр.
Өткен тәулікте Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 2 350 қапшық пен 217 тонна инертті материал төселді, ұзындығы 640 метр салынған бөгендер нығайтылуда.
Республика бойынша 18,5 млн еріген қар суы сорлып, 11 134 тұрғын үй мен 3 350 аула аумағынан судың бағыты бұрылды.
54 755 адам өз үйлеріне оралды. 5 291 адам уақытша пунктіде тұрып жатыр.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 7 537адам, 997 техника, 297 су сору құралы және 55 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.