Жапонияда COVID-19 жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

Індетке шалдыққан науқастардың күнделікті өсуі 7000 адамнан асты. Жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшылар «дельта» штамы коронавирус эпидахуалын күрт күрделендіріп жіберуі мүмкін және инфекцияның өршу шыңы тамыз айының басында болады деп ескертті.

Сонымен қатар Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті инфекция жұқтырудың тағы жеті жағдайының тіркелгендігі туралы хабарлады, оның ішінде екі спортшы бар, қатысушылар арасында вирус жұқтырғандардың жалпы саны 155 адамды құрайды.