Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД 58-мекемеде Көшпенділер ойындарына орай сотталғандар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Спорттық сайыс қатысушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығын арттырып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын нығайтты.