Мәзір
Мәдениет

«Махаббат, қызық мол жылдар»: өмір мен сезім туралы ойлар

pexel.com

Alashorda.kz ақпараттық агенттігі оқырман назарына Әзілхан Нұршайықовпен сұхбат ізімен, «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасынан алынған тағылымды ой-толғамдар мен нақыл сөздерді ұсынады.

Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейді. Қыздың көркі тор болса, оның жайдары көңіл, жақсы мінез,
назды қылықтарын неге теңеуге болады?
Асау тұлпардың аяғына салған
болат кісеннен кем емес-ау деймін
жақсы қыздың қылығы.

***

Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз боп шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы,

***

Меніңше, әйелге керек негізгі үш қасиет бар. Олар: еңбекшілдік, ақылдылық, сұлулық. Бойында осы үш қасиет тегіс бар әйелді төрт құбыласы түгел әйел деп бағалау абзал. Бірақ соның алғашқы екеуі ғана табылса, онда соңғысынсыз да өмір сүре беруге болады,

***

Қазақтың ескі дәстүрінде некелі
жары немесе басқа бір ет
жақыны болмаса, оң жақта отырған
қыз бөтен жігіт үшін жұрт көзінше
жылауға тиіс емес,

***

Қыз көйлегінің етегі тізеден
жоғары шықпауы керек, себебі
қыздың жалаңаш жеріне кеп көзінің
құрты түскіш келеді. Ал халықта:
«Есті қыз етегін қымтап ұстайды»
деген мақал бар,

***

Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен
бөгеп, сабырмен тұсалмаған
құмарлық таудан төңкерілген сел
сияқты: жолындағының бәрін
ұйпа-тұйпа етіп, жайпап, жойып
кетеді. Сондықтан әйелдің еркек
құмарлығын қоздыратын ашық-
шашық жерді көбейтпей жауып, жария
етілмейтінін қымтап ұстауы абзал.
Әсіресе етекті қара санға дейін
кетермеу, кеудені жалаңаштамау жөн.
Сонда еркек еленбейді, әйел
аландамайды, адалдық бұзылмайды,

***

Ауыз шешендік әркімде болады.
Әсіресе қыздың
аузы сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал.
Өйткені қыздың күлкісі, жымиы,
бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы –
бәрі де сайрап тұрған сөз. Сондықтан
оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен
танылғаны дұрыс,

***

Он сегіз жас от боп лаулап тұрған шағы екен ғой адамның. Жаның жалынды болып, жас ғұмырды еліңе пайдалы етіп өткізгенге не жетсін!
Жан-жағына нұр шашып өткен
өмірден ардақты не болсын!

***

Қызға жігіт жүз процент жақсы
болып ешқашан да кездеспейді.
Жігітті жүз процент жақсы ететін
жақсы жар, жақсы әйел ғана.
Сондықтан қыз балалардың
«дайын жақсы күйеуге шыға қоямын»
деуі қиын,

***

Қыздың жақсы жігітке шығуы,
жігіттің жақсы жар таңдап алуы
жеңіспен пара-пар. Алдымен
жеңіске жету қымбат, ал жеткен
жеңісті баянды ету – одан да қымбат.

***

Жас жігіттер маған кесек-кесек
руда іспеттес болып танылады.
Ал жас әйелге сол руданың
кенін алып, жақсы мүсін жасау қажет,
өзінің көңіліндегідей күйеу етіп
шығаруы керек.

Бұл үшін біреудің еркесі болып
бұлғақтап өскен қыз байғұста
тәжірибе жоқ. Әрине, руданы іс
қылу оңай. Ол үшін зауытта
арнаулы мартен пеші бар.
Пештің қызуы руданы балқытып,
оның бойындағы құрышты қоқыстан  бөліп алуға мүмкіндік береді.

Содан соң шебердің таза құрышты
қайта пайдаланамын десе де еркі бар.
Ал жігітті руда сияқты пешке
салып балқыта алмайсың. Оны
тек әйелдің махаббаты
ғана балқытады.

Күшті махаббаты бар, ақылды, сабырлы
әйел ғана жаман жігіттен жақсы
жар шығара алады.  Содан бірінің айтқанынан бірі шықпай, сыйласымды, тату-тәтті өмірді бастарынан кешеді.
Бұл жолда әйелдің көп қажыр, қайраты жұмсалады. Ол жақсы жарды содан соң барып табады.

***

Жазғы салқыннан жаныңды аяма.

***

Ешқашан да, ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да жақсылығы болады.

***

Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың.

***

Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлесу — дарақылық белгісі.

***

Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.

***

*

Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.

***

Жаман туыс тістеуік, жақсы жолдас үйірсек. Жақсы дос жаман әкеден артық.

***

Ақкөңіл мен адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс, әдемі болса да жиіркенішті.

***

Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу әйелге және ұлы адамға ғана жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық қырсықпен тең.

***

Махаббат — барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат та өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады.

***

Екі адамның бір-біріне шын ықыласпен қалтқысыз қызмет етуі не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.

***

Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек.

***

Тірі адамның бар бақыты, бар қызығы жер бетінде. Оған ұмтылудың немесе о дүниеден үміт етудің қажеті жоқ. Сол себепті бар терді төгіп, барша ой мен ақылды жұмсап жер бетін, тұрған үйіңді жұмақ ете біл.

***

Жақсы адам — магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне тартып ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң — айналаңда досың көп; жаман болсаң — жалғыз жүресің; орташа болсаң — сен де бір жақсының жанын жағалайсың. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жақсы, ақылың парасатты болса — іздеген досың алыстан үйріліп өзі келеді.

***

Біздің ауылдың қазақтары баяғы ескі әдетпен әлі күнге дейін жүзге бөлінеді. Содан соң әлі жеткені әлсізін аяғынан шалып, бөтен жүздің баласы деп жұдырықтап, жұлмалап жүндеп жатады. Алауыздықтың атасы — жүз жойылса екен. Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсе екен!

***

Ел билеген жақсы адамның өмірдің күнделікті күйбеңімен кетіп, ертеңгі ұрпаққа мұра боларлық өз атынан ештеңе қалдырмауы өкінішті. Абай атамыздың өзгелерден артықшылығы да осында — артына тастап кеткен асыл кітабында ғой.

***

Біреуді пәленше көп біледі деп мақтайды. Көп білген адам көп тындырса мақтауға болар еді. Көп біліп, түк тындырмайтындар да бар. Мұндай іске пайдасыз білгіштікті білдім деудің қажеті жоқ. Ондай «білгіштен» аз біліп, көп тындыратын қоңырқай адамның өзі артық».