ALASHORDA Мәзір
Қоғам

Президенттің 44 тапсырмасы орындалды

Президенттің 44 тапсырмасы орындалды

Президенттің 44 тапсырмасы орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Елдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында осы жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекет басшысы жедел және жүйелі сипаттағы 140 тапсырма берді. Бүгінгі таңда 44 тапсырма орындалды, 32 тапсырма аяқталу сатысында», – деді министр.

Оның атап өтуінше, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқаты мен табысын арттыру, теңсіздікті азайту және жұмыс орындарын ашу, инвестициялар тарту, шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде нақты міндеттер қойды.

«Осы міндеттер аясында Ұлттық экономика министрлігіне 5 тапсырма бекітілді: халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу; инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін әзірлеу; шағын бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға бағыттай отырып «Атамекен» ҰКП-ны реформалау; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының тиімділігіне талдау жүргізу; майнингке салықты бірнеше есе арттыру», – деді Әлібек Қуантыров.