Мәзір
Мәдениет

Димаштың жаңа клипіне талас басталды

Димаштың жаңа клипіне талас басталды

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне арнап жаңа шығармашылық байқау жариялады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Әншінің “AQERKE” әніне арналған челленджіне қатысушылар әннің бір бөлігін айтып не қысқа би билеп, болмаса қызықты бейнеролигін түсіріп, оны TikTok немесе Instagram платформаларына жүктеуі қажет.

Байқау шарттарына сәйкес, ең көп қаралым жинаған қатысушы Димаштың алдағы жаңа бейнебаянына түсу мүмкіндігін иеленеді. Әнші бұл челлендж әр адамның өз қиялы мен өнерін еркін көрсетуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кетейік, жуырда Димаш туған қаласы Ақтөбеде “AQERKE” әнінің бейнебаянын түсірген еді. Түсірілім жұмыстарына мыңдаған жанкүйер қатысып, өнер иесіне зор қолдау көрсетті. Орталық стадионға жиналған 12 мыңнан астам адам әнді бірге орындап, ерекше атмосфера қалыптастырған.

Өнер иесі түсірілімге келген ақтөбеліктерге ризашылығын білдіріп, болашақта туған жерінде әлемнің түкпір-түкпірінен келетін көрермендердің басын қосатын ауқымды концерт өткізуді армандайтынын жеткізді.

Ал жаңа туынды 16 маусым күні әр елдің жергілікті уақыты бойынша түнгі сағат 00:00-де жарық көрді.