Kaspi Alaqan — Kaspi.kz командасы Қазақстанда әзірлеген инновациялық төлем қызметі. Сатып алу ақысын төлеу үшіналақаныңызды терминалға жақындатсаңыз болды. АлғашқыKaspi Alaqan терминалдары биыл Алматыда, ал келесіжылы бүкіл Қазақстан бойынша пайда болады.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі KaspiAlaqan-ның қаржы ұйымдарына арналған ақпараттыққауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растады.
Бұдан басқа ҚР СИМ аккредиттеген зертханада KaspiAlaqan-ның желілік инфрақұрылымының қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздігі, қолжетімділігі, тұтастығы жәнеқұпиялылығы, сондай-ақ басқа да маңызды элементтерібойынша кешенді сынақтар жүргізілді.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушыларының біріМихаил Ломтадзе:
«Сүйікті клиенттеріміз жаңа сервистерді еш уайымсызқуана пайдалануы үшін біз оларды қолайлы әрі пайдалығана емес, сонымен қатар қауіпсіз етеміз. Kaspi Alaqanбірқатар сынақтан өтіп, сарапшылардың жоғары бағасыналды. Бізді осындай керемет инновациялар жасауғашабыттандырып, сенім артқаны үшін барлықклиентімізге рақмет айтамыз!»
Алақанмен төлеу — сәйкестендірудің ең қауіпсіз әдістерініңбірі. Технология көптеген елдерде — АҚШ-та, Қытай мен Жапонияда дамып жатыр, ол Жапонияда алғаш рет 2015 жылы енгізілген. Әр адамның алақанының құрылымыерекше, ал Kaspi Alaqan-ды қолданғанда ол қосылған кездеқұрылған жеке шифрланған цифрлық код арқылысалыстырылады. Осының арқасында жалған алақандықолдану іс жүзінде мүмкін емес, ал пайдалану тез, ыңғайлыжәне қауіпсіз болады.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірінжақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымалмобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады, ол елдегіэлектронды сауда, төлем және қаржылық жетекшісервистерді қамтиды.
Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегінжеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жекеқаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерінсатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымалмемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасынәзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мыңға жуықкәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлербизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлемқабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салықтөлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасынақосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағындасатады.
Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалынәзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттеріоқып келеді.