Мәзір
Саясат

Премьер-министр Жұлдыз Сүлейменованың антын тыңдамай шығып кетті (ВИДЕО)

Премьер-министр Жұлдыз Сүлейменованың антын тыңдамай шығып кетті (ВИДЕО)

Бүгін Үкімет отырысында жуырда тағайындалған Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ант қабылдады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Министрдің ант қабылдау кезінде Үкімет басшысы Олжас Бектеновке телефон қоңырау соғылып, ол Жұлдыз Досбергенқызының антын тыңдамай тұрып кетті. Премьер-министр шұғыл кіммен сөйлесті? Мүмкін оған Әзірбайжан елінде ресми сапармен кеткен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хабарласқан шығар?