Мәзір
Экономика

Соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш: Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттаған

Соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш:  Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттаған
pexel.com

Қазақстан астық экспортының көлемін ұлғайтуда, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл алынған астық көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін толық өтейді, сондай-ақ экспорт көлемін ұлғайтуға да мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.  Ол 2024-2025 маркетингтік жыл ішінде Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттағанын, бұл алдыңғы ұқсас кезеңнен 47%-ға артық және соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіші екенін атап өтті.

- Бүгінгі таңда 3,4 млн тонна жаңа астық экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 20%-ға көп. Экспорттық әлеует шамамен 13 млн тоннаны құрайды, — деп атап өтті Азат Сұлтанов.