Мәзір
Экономика

Сұр емес, жаңа iPhone: смартфонның заңды екенінқалай тексеруге болады

Сұр емес, жаңа iPhone: смартфонның заңды екенінқалай тексеруге болады

Қомақты қаражатқа көптен күткен смартфонды сатыпалғанда, оның ертең бұғатталмайтынына сенімдіболғың келеді. Ал егер сатушы тауарды Қазақстанғазаңсыз әкелсе, құрылғыны бұғаттауы мүмкін. Осындайжағдайдың алдын алу үшін Kaspi.kz өз клиенттері мен серіктестері үшін арнайы сервисті іске қосты.

Осы жылдың 25 мамырынан бастап Қазақстанда жаңаережелер күшіне енді. Егер смартфон елге заңсыз әкелінсе, SIM-карта орнатылғаннан кейін 30 күн өткен соңбұғатталады. Заңды және заңсыз смартфонды құрылғыныңIMEI-коды* арқылы ажыратуға болады. Егер смартфон барлық талапқа сай әкелінсе, оның IMEI-коды мемлекеттікдерекқорда тіркелген болады. Ал егер бұл «сұр импорт» болса, онда код базада болмайды, демек құрылғыбұғатталады.

Kaspi Магазинде сатушы әрбір құрылғыны міндетті түрдетексеруі тиіс. Тапсырысты клиентке тапсырмас бұрын олқұрылғының IMEI-кодын енгізіп, мемлекеттік тіркеуденөткенін растауы керек. Бұл растаусыз тапсырысты клиентке техникалық тұрғыда жіберу мүмкін емес.

Сонымен қатар, сатып алушының ешқандай күмәні қалмауыүшін, ол смартфонды алғаннан кейін IMEI-кодты өзі де тексере алады. Ол үшін:

​•​Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi.kz-тегіМагазин → Менің тапсырыстарым бөліміне өту қажет;

​•​Қажетті тапсырысты таңдау;

​•​Тапсырыс мәліметтерінде тауардың жанындағы«IMEI-ді тексеру» батырмасын басу;

​•​Құрылғының IMEI-кодын енгізіп, оныңтексеруден сәтті өткеніне көз жеткізу.

Бұл сервисті Kaspi бірнеше ай бұрын іске қосқан. Соныменқатар Kaspi Магазиннен смартфон сатып алған әрбірклиентке IMEI тексеруге арналған сілтемесі бар push-хабарлама да жіберіледі.

Осындай тәсілдің арқасында Kaspi Магазиннен тіркелмегенсмартфон сатып алу ықтималдығы өте төмен. Ал егер сатыпалушы IMEI-кодтың мемлекеттік дерекқорда тіркелмегенінанықтаса, сол сәтте тауарды қайтарып, ақшасын толыққайтарып ала алады.

Сондай-ақ Kaspi өз клиенттері үшін тағы бір ыңғайлысервисті іске қосты. Енді Kaspi.kz қосымшасындағы«Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде кез келген құрылғыныңIMEI-кодын тексеруге болады, тіпті ол бұрын басқадүкеннен сатып алынған болса да.

* IMEI-код — SIM-картасы бар әрбір құрылғыға(смартфон, планшет немесе модем сияқты) берілетін 15 таңбалы бірегей халықаралық мобильді жабдықидентификаторы.