Үкіметте егіс науқанының қарсаңында ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету шаралары қаралды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Бұл туралы Alashorda.kz сайтыҮкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, егіс науқанының қарсаңында ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толықтыру, делдалдық схемалардың алдын алу, сондай-ақ жалпы сауда-саттықтың ашықтығын арттыру шаралары қаралды.
Талқылауға Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылары қатысты.
Премьер-Министр өндірушілерің ішкі нарыққа жанар-жағармай материалдарын үздіксіз жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ кез келген жағдайға уақытылы жедел әрекет ету үшін қорлар мен сатылымдарға тұрақты режимде мониторинг жүргізу қажеттігіне назар аударды.
Фото: primeminister.kz