Түркістан облысында төрт түлік мал жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Шаруалардың айтуынша, дәл мұндай құрғақшылық соңғы 35 жылда болмаған.
Қуаңшылық салдарынан жайылымдарда шөп шықпай, шөп пен астық бағасы бірнеше есеге қымбаттап, екінің бірінің қалтасы көтермейтін жағдайға жеткен.
Ауыл тұрғындары амыл аман сақтау үшін амалсыздан жем-шөпті бірнеше есе қымбатқа сатып алуға мәжбүр.
Ал шенеуніктер әдеттегідей тұрғындарды сабыр сақтауға шақыруда. Созақ ауданы әкімінің орынбасары Серік Мамановтың айтуынша, алдағы уақытта жем-шөп мәселесі біртіндеп тұрақталуы тиіс.