Нұрсұлтан Назарбаевтың банкі бір жылда 59 млрд теңге пайда тапты

Ресейдің Орталық банкі жариялаған есептеме бойынша, АТБ-ның негізгі табыс көзі – несие беру. 2024 жылы банктің пайыздық түсімдері 31,2 миллиард рубльге (162,8 миллиард теңге) жетті. Жазда банк 4,8 миллиард рубль таза табыс тапқан кезде сарапшылар жыл соңына дейін 14 миллиард рубльге жуық пайда түседі деп болжаған. Шындық сәл өзгеше болды – бірақ 11,3 миллиард рубль де аз ақша емес.
2023 жылы банк басшылығы ауысты. Қазақстандық Мұрат Жәукенов орнын босатып, оның орнына тәжірибелі қаржыгер Мигель Маркарянц келді. Жәукенов банк көрсеткіштерін көтеріп кетті, ал Маркарянц бұл жетістікті одан әрі дамытты.
Қаржылық есеп қарапайым: Назарбаев 2021 жылдың соңында Ресейдің Орталық банкі аукционынан АТБ Банкін 14 миллиард рубльге сатып алған.
Содан бері банк тек пайда тауып келеді:
- 2022 жыл – 325,3 миллион рубль таза пайда
- 2023 жыл – 8,1 миллиард рубль
- 2024 жыл – 11,3 миллиард рубль
Жалпы есептегенде, үш жылдың ішінде 19,8 миллиард рубль табыс түсті. Яғни, Назарбаев банкті сатып алуға кеткен 14 миллиардты қайтарып қана қоймай, 5,8 миллиард рубль таза пайда тапты. Бұл 30 миллиард теңге деген сөз.
Қазіргі таңда АТБ Банкі жыл сайын кемінде 10 миллиард рубль табыс әкелетін жүйелі бизнеске айналды.