Мәзір
Қоғам

«Айыпталушы күліп отыр». Алматыда Ілияс Сариевтың соты басталды

«Айыпталушы күліп отыр». Алматыда Ілияс Сариевтың соты басталды
Ашық дереккөз

Кеше Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында  «Қазақтың Робин Гуды» деген лақап атпен танылған Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Журналист Руслан Өтепбайдың жазуынша, 26 жәбірленушінің бірі залда жауап берді, ал қалғаны өзге қалалардан болғандықтан онлайн қосылған.

«Сариевтің адвокаты Кішкенебава оның қорғауындағы азаматтың «MM TRAVEL» қажылық тур компаниясына қатысы жоқ екенін айтты.
Алайда Ілиястың әлеуметтік желіде аталмыш компанияны жарнамалағаны белгілі.
Сот отырысы шамамен 1 сағатқа созылып, келесі тыңдалым келесі аптаға шегерілді», – деді ол

Айта кетейік, 9 сәуір күні «Елге көмек» қайырымдылық жетекшісі Ілияс Сариев ұсталды. Ілиястың үстінен қажылыққа аттана алмай қалған бір топ адам арыз жазған. Ал Ілиястың өзі осы күнге дейін қажылық компаниясын жарнамалап келген.

Кеше өткен сотта Ақтоты Дүйсееваның күліп отырғаны белгілі болды. Бұл әлеуметтік желідегі азаматтарды ашуландырып отыр.