Черногория Жоғарғы соты Қазақстан билігіне «Не молчи» қорының негізін қалаушы Динара Смаилованы экстрадициялаудан түбегейлі бас тартты, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Черногория Жоғарғы соты Қазақстанның бас прокуратурасына экстрадиция беруден бас тарту туралы шешім қабылдады. 12 қыркүйекте апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін бұл шешім заңды күшіне енді», – деді Смаилова.
ҚазТАГ маусым айында Қазақстан билігінің сұрауы бойынша Черногорияда Смаилованы экстрадициялау мәселесі сотта қаралып жатқанын хабарлаған болатын.
Экстрадицияға қатысты сот ісіне Қазақстанда қозғалған «алаяқтық» туралы қылмыстық іс себеп болған. Ол қазақстандықтардың «Не молчи» қорының жұмысына аударған қаражаттарына байланысты. Смаилова айыптауларды жоққа шығарып, бұл істі қолдан жасалған деп санайды. Оның пікірінше, Қазақстан билігі Смаилованы елге қайтаруға кез келген сылтау іздеген.