Мәзір
Қоғам

«ЕуроХим – Қаратау» ЖШС 800 адамды жұмыспен қамтымақ

«ЕуроХим – Қаратау» ЖШС 800 адамды жұмыспен қамтымақ
Ашық дереккөз

Жамбыл облысында 2026 жылы жалпы сомасы 471 млрд теңгені құрайтын 47 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Бұл туралы облы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ернар Оразбай мәлімдеді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

«Осының арқасында мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Мысалы «ЕуроХим – Қаратау» ЖШС жалпы құны  536 млрд теңге болатын жоба арқылы минералды тыңайтқыштар шығаруды көздеп отыр. Бүгінгі күнге дейін 200 млрд теңге инвестиция салынды. Жобаның қуаттылығы жылына 1 млн тонна минералды тыңайтқыштар өндіріп, 800 тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Биыл жобаның бірінші кезеңі, яғни күкірт қышқылы өндіру жобасы іске қосылады.

Сонымен қатар Жамбылда «Qazaq Soda» ЖШС кальцийлендірілген сода өндірісін қолға алып жатыр.  Аталған жобаның құны - 400 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі күнге дейін 80 млрд теңге инвестиция салынды. Жобаның қуаттылығы жылына 1 млн тонна кальцийлендірілген сода өндіріп, 300 тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Өнімнің экспорт бағыттары – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей (Батыс Сібір) және Батыс Қытай. Экспорт көлемі жалпы өндірістің шамамен 50%-ын құрайды», – дейді ол.