Ескі жұмыс істемейді деген болмайды. Мысалы, жоқ көліктерді «сату» арқылы алдайтын тәсіл баяғыдан белгілі, бірақ адамдар әлі күнге дейін оған алданып жатады. Бұл схеманың қалай жұмыс істейтінін және алаяқты қалай бірден тануға болатынын түсіндіреміз.
Тартымды хабарландыру
Көбіне алаяқтар автокөлік сатылатын тегін хабарландыру сайттарында әрекет етеді. Кейде көліктің орнына пәтер немесе үй болуы мүмкін, бірақ алдау механизмі өзгермейді. Алаяқтар әдемі суреттері, тартымды сипаттамасы бар хабарландыру жариялайды. Бағаны әдейі төмендетеді. Мысалы, жақсы күйдегі, қосымша қаражатты қажет етпейтін көлік нарықтағы ұқаса түрінің бағасынан бір жарым, тіпті екі есе арзан болуы мүмкін.
Логикаға сай
Күдікшіл сатып алушыларға алаяқтар төмен бағаны дәлелдейтін «сенімді» себеп айтады:
«Жаңа көлік сыйға тартты, енді бұл қажет емес» немесе «көшіп бара жатырмын, тезірек сату керек», деген сияқты. Осылайша олар сатып алушының немесе болашақ құрбандығының күдігін сейілтеді.
Көрсетуден бас тарту
Сатып алушы көлікті немесе пәтерді алдымен көрсетуді сұрағанда, алаяқтар бас тартады. Бұған да «логикалық» түсініктеме дайындап қойған: қала сыртында, тіпті елден тыс жерде жүрмін; көрсету үшін уақыт керек; жолға ақша қажет болуы мүмкін.
Сендіру
Күмәнді сейілту үшін алаяқтар көп фото және видео жібереді. Осылайша сатып алушы көлік немесе пәтер шынымен бар деп ойлайды. Тіпті пәтер немесе көлік өз атына тіркелгендей етіп «құжаттардың» суреттерін жіберуі мүмкін.
Дүрбелең тудыру

Сатып алушы сеніп қалған кезде, алаяқтар тауарға қызығып отырған басқа да көптеген адамдар кезекте тұрғанын айтады. Яғни дәл сіздің сатып ала аламай қалуыңыз мүмкін, дейді.
Алдын ала төлем
«Бәсекелестерді» айналып өту үшін олар алдын ала төлем жіберуді ұсынады. «Жалпы сомадан алдын-ала төлем алсам, қалғандарын бас тартып, тек сізге сатамын» дейді.
Ақша түскеннен кейін алаяқтар байланысқа шықпай, жоғалады. Алданған адам – құр армандарымен және бос әмиянымен қалады.
Қалай сақтануға болады?
Мұндай жағдайдан қорғану қиын емес. Тек бірнеше қарапайым қағиданы ұстаныңыз:
- Тым арзан ұсыныстардан сақ болыңыз. Егер сатушыға затты тез сату қажет болса, бағаны нарықтан сәл төмен қоюы мүмкін. Бірақ бір жарым-екі есе арзан — өте сирек кездесетін жағдай.
- «Дүрбелең» туралы әңгімеге сенбеңіз. Егер сізді асықтырып, басқа сатып алушылармен «жарыстыруға» тырысса — бұл анық қызыл жалау.
- Құжаттардың фотосына сенім артпаңыз. Олар өте шынайы етіп қолдан жасалуы мүмкін. Құжаттарды офлайн түрде өз көзіңізбен көріңіз немесе eGov, Kaspi сервистері арқылы ресми цифрлық нұсқасын сұраңыз.
- Көрмеген затқа ешқашан алдын ала төлем жасамаңыз. Ең жақсы жағдайда тауар күткеніңізден төмен болуы мүмкін, ең жаманы — мүлде ойдан шығарылған.
Айтпақшы, Kaspi.kz YouTube-арнасында «Kaspi.kz алаяқтарға қарсы» атты кампания аясында жаңа ролик жариялады. Онда көлік сатушысының кепіне енген алаяқтардың тәсілдері көрсетілген.
Еске салайық, Kaspi.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен ең кең таралған алаяқтық схемалар туралы тұтас серия түсірді. Жаңа роликтер әр екі апта сайын Kaspi.kz-тің ресми YouTube-арнасында шығады.