ALASHORDA логотипі ALASHORDA.KZ ақпараттық агенттігі
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Денсаулық
  • Экономика
RU ALASHORDA TV
ALASHORDA логотипі ALASHORDA Мәзір
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Байланыс WhatsApp
  • ALASHORDA TV
Русская версия ALASHORDA TV Байланыс
ALASHORDA
Сайттан іздеу
Қоғам

«Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

Alashorda 2 желтоқсан, 2025
«Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті
Ашық дереккөз

Астанада жүзеге асып жатқан JOLTAP жобасы төрт баланың анасы Нұргүл Жұмабекқызына жаңа мамандық меңгеріп, өзіне ыңғайлы кестемен жұмыс табуына мүмкіндік берді. Айтуынша, тігін ісін тегін оқытқан курс оның кәсіби бағытын түбегейлі өзгерткен, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұргүл Жұмабекқызы – 4 баланың анасы. Негізгі мамандығы – мұғалім.

Алайда осыған дейін мамандығы бойынша жұмыс істемеген екен.

«Үйде бала тәрбиесімен отырған анамын. Осы уақытқа дейін әртүрлі жұмыс істеп, өзімнің бағытымды айқындай алмай жүрдім. Істеген жұмыстарым көңілімнен шыққан жоқ. Бір күні қызым JOLTAP жобасы бойынша тегін курсты оқығысы келетінін айтты. Ол кезде оның жасы 18-ге толмаған еді.

Ата-анасының бірі бірге баруы керек болды. Содан мен онымен бірге барып, жоба аясындағы қысқамерзімді түрлі курстың бар екенін білдім. Жасым 43-те болса да, өзімнің де оқуға деген қызығушылығым оянып, тігін курсына жазылдым. Жоба мамандары да тігін курсын таңдауыма кеңес берді.

Дегенмен тігінші болып кетемін деп ойлаған емеспін. Ал қызым SMM курсына жазылды. Бір ай күткен соң, сабағымыз басталды. Осылайша 22 күндік курсты оқып бітірдім. Кураторым Фарида Арыстанқызы бәрін тыңғылықты түрде түсіндірді», – деді ол.

Нұргүл Жұмабекқызы жоба оған ерекше ұнағанын, сабақ та өте қызықты болғанын айтады.

«Тігін тігуді әр әйел білетін шығар. Әйел адам болған соң, ине мен жіпті ұстауды білеміз, балалардың киімін тігіп беру қолдан келетін. Бірақ көп нәрсені білмеппін. Тігінші боламын деген жоспарым да болмаған еді.

Шынымды айтсам, тегін курсқа жазыла салдым. Шақырған соң, барып көрейін дедім. Сабақ барысында тігін тігуге деген қызығушылығым оянды.

Курс кезінде бұл істің қыр-сырын үйрендім. JOLTAP жобасының аты айтып тұрғандай, мен де мұны кездейсоқ емес шығар, менің жолым осы шығар деп ойладым. Сабақ өте қызықты болды. Бұл жоба жастарға, кез келген адамға жақсы мүмкіндік екен. Әсіресе, үйде отырған аналарға көмегі көп дер едім.

Сабақ беретін ұстаздарға алғысым зор», - деп қосты жоба түлегі.

Оның сөзінше, жоба аясында тек курс оқытып қоймай, мамандар жұмысқа орналасуға да көмектеседі.

«Кураторларымыз курс аяқталған соң да, бізбен байланысын үзген жоқ. WhatsApp-та топ құрып, әрі қарай да ақпарат бөлісіп отырды. Қай жерге жұмысқа орналасуға болатынын айтып, тігін фабрикаларындағы бос орындар туралы ақпарат жіберіп, көмектесіп жатыр. Курс бітірген кезде, ұстаздарым тігін фабрикасынан жұмыс тауып берді. Бірақ ол жердің жұмыс кестесі таңнан кешке дейін болғандықтан, маған ыңғайсыз болды. Өйткені балаларымды мектепке апарып-алып келуім керек. Қазіргі таңда ательеде өзіме ыңғайлы кестемен жұмыс істеп жүрмін. Жұмысым өзіме ұнайды, түстен кейін сағат 16.00-де басталып, кешкі сағат 21.00-де аяқталады. Әлі де кураторымнан кеңес сұрап тұрамын. Ол кісілерге көп рақмет. Енді алда тағы бір курс оқуды жоспарлап жүрмін», - деді Нұргүл Жұмабекқызы.

Айта кетейік, JOLTAP жобасы Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен және «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Оның аясындағы қысқамерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін тегін түрде қолжетімді. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Ал түлектердің кандидатуралары JUMYSTAP.KZ атты жұмыс және қызметкерлерді іздеуге арналған сайтта тегін жарнамаланады.

 
 
JOLTAP жобасы Нұргүл Жұмабекқызы

Тағы оқыңыз!

Қызылорда облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде
Қызылорда облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде
24 қазан, 2026
Қызылордада «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті
Қызылордада «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті
23 қазан, 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АЙДЫНДЫ АРАЛ ӨЛКЕСІНДЕ ЖАС ҰРПАҚ ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АЙДЫНДЫ АРАЛ ӨЛКЕСІНДЕ ЖАС ҰРПАҚ ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ
16 қазан, 2026
Астық экспорты 13%-ға өсіп, 7,1 млн тоннаға жетті
Астық экспорты 13%-ға өсіп, 7,1 млн тоннаға жетті
19 қыркүйек, 2026
58-мекемесінде ұлттық спорт насихатталды
58-мекемесінде ұлттық спорт насихатталды
14 қыркүйек, 2026
«Ауыл аманаты» бағдарламасы: кімдер 34,6 млн теңгеге дейін несие ала алады
«Ауыл аманаты» бағдарламасы: кімдер 34,6 млн теңгеге дейін несие ала алады
22 тамыз, 2026
Жаңалықтар
Бүгін, 14:24
Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Республика күнімен құттықтады

28 қазан, 2026
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

28 қазан, 2026
Биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 400 млрд долларға жуықтайды — Жолдау

28 қазан, 2026
Бүгінде егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ — Президент

27 қазан, 2026
Сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 55,2 пайыздан 69,7 пайызға дейін өскен - Асламбек Мерғалиев

27 қазан, 2026
Қазақстанда биіктігі 272 метрлік зәулім мұнара салынады

26 қазан, 2026
Республика күні Қостанайда жаңа спорт нысандары ашылып, ірі жобалардың құрылысы басталды

26 қазан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Лула да Сильваны президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

25 қазан, 2026
МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

24 қазан, 2026
Қызылорда облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде

23 қазан, 2026
Қызылордада «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті

23 қазан, 2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

23 қазан, 2026
Елде ірімшік зауыты салынып, спутник өндірісі жолға қойылуы мүмкін

23 қазан, 2026
Президент Республика күнінің қарсанында ел дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады

22 қазан, 2026
Армияның қоғаммен қарым-қатынасы да өзгеруге тиіс — Тоқаев

21 қазан, 2026
Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге берілмейді — Үкімет 8 өлшемшартын бекітті

21 қазан, 2026
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды

20 қазан, 2026
Астанада «Қорғау» дағдарыс орталығындағы әйелдер мен балаларға қолдау көрсетілді

20 қазан, 2026
Премьер-министр халықаралық сарапшылардың экономикалық даму жөніндегі ұсыныстарын талдауды тапсырды

19 қазан, 2026
ҚЫЗЫЛОРДАДА «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР АПТАЛЫҒЫ БАСТАУ АЛДЫ

19 қазан, 2026
Президент құтқару саласы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

16 қазан, 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АЙДЫНДЫ АРАЛ ӨЛКЕСІНДЕ ЖАС ҰРПАҚ ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

15 қазан, 2026
«Көлеңкеде қалған шындық»: Дана Нұржігіттің сталкинг туралы кітабы жарық көрді

15 қазан, 2026
Қазақстанда тұрғын үй сапасының бірыңғай стандартын енгізу ұсынылды

14 қазан, 2026
Автожол саласын реформалайтын жұмыс тобы құрылды: ұсыныстар 1 желтоқсанға дейін әзірленеді

14 қазан, 2026
Қазақстан су спортынан халықаралық жарыстар өткізуге дайындықты күшейтеді

13 қазан, 2026
Мұрат Ергешбаев бордақылау алаңының құрылысымен танысты

13 қазан, 2026
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды

12 қазан, 2026
Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» аясында 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

12 қазан, 2026
АРДАГЕРЛЕР МЕН ЖАСТАР – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖОЛЫНДА

12 қазан, 2026
Жетісу облысында айына 1,8 мың тоннаға дейін өсімдік майын өндіретін кәсіпорын іске қосылды

11 қазан, 2026
Нұрлыбек Нәлібаев «Кеген» өткізу пунктіне барып, нысанды дер кезінде аяқтауды тапсырды

10 қазан, 2026
Бельгиялықтар Королі мен Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

9 қазан, 2026
Ұлттық қордан 1,5 трлн теңге: Алматыдағы ірі жобалардың сапасы тексерілді

9 қазан, 2026
ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

8 қазан, 2026
Үкімет жәрдемақылар төлеу шарттарын бекітті

8 қазан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

7 қазан, 2026
IT-ден спорт индустриясына: EU Reporter Нұрасыл Медеудің жобаларын таныстырды

7 қазан, 2026
Қызылорда облысында жеті теміржол вокзалы жаңғыртылып, пайдалануға берілді

7 қазан, 2026
Елордада «Студенттік қалқан-2026» жобасының жеңімпаздары анықталды

7 қазан, 2026
Құрылтай мемлекеттік наградалар туралы заң жобасын мақұлдады

6 қазан, 2026
Оманды Қазақстанның араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен әрі сенімді серіктесі санаймыз — Президент

6 қазан, 2026
Шымкентте мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамалды (ВИДЕО)

6 қазан, 2026
Мемлекеттік қызметшілердің жүктемесі 30 пайызға дейін төмендейді - Үкімет

6 қазан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды

5 қазан, 2026
Азамат Есқараев Президент Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болды

5 қазан, 2026
«Ауыл аманаты»: Ақмешіттік кәсіпкер бекіре өсіруді қолға алды

3 қазан, 2026
Бозымбаев Атырау экологиясына қатысты бір айда нақты шешім қабылдауды тапсырды

3 қазан, 2026
Президент Қорғаныс министрлігінің үш лауазым иесін қызметінен босатты

3 қазан, 2026
Президент Қорғаныс министрлігінің үш лауазым иесін қызметінен босатты

ALASHORDA логотипі ALASHORDA.KZ ақпараттық агенттігі

ALASHORDA ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2025 жылғы 23 желтоқсанда қайта тіркеліп, № KZ42VPY00137595 куәлігі берілді. Алғашқы мемлекеттік тіркеуі 2019 жылғы 23 сәуірде жүргізіліп, №17720 ИА куәлігі берілген.

Меншік иесі «Әлихан» ЖК
Серіктестік үшін Жарнама бөлімі
Байланыс
Редакциямен байланыс
  • Мекен-жай: Астана қ. Нұра ауданы, Ш.Айтматов көшесі 53, І блок, 89 пәтер
  • Email: qaraotkel@gmail.com
  • WhatsApp: +7 702 915 15 14
Қосымша
Мобильдік қосымша

Сайтымыздың мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

Google Play
Яндекс.Метрика
© 2026. Alashorda.kz ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.
Басты бет Сайт туралы Құпиялылық саясаты Байланыс