Мәзір
Қоғам

«Қарғысқа ұшырайсың!»: белгілі блогер табытта жатып, эфир жүргізді (ВИДЕО)

«Қарғысқа ұшырайсың!»: белгілі блогер табытта жатып, эфир жүргізді (ВИДЕО)

Алматыда блогер өзін тірідей көміп, TikTok-та тікелей эфир жүргізген, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Желіде тікелей эфир кезінде түсірілген видео тарады. Кадрлардан көмілген жерде тұрған бір топ адам мен телефон ұстап, сөйлеп жатқан жігітті көруге болады.

Блогер тікелей эфирде: “Ауа жетпей жатыр. Осы уақытқа дейін 30 аккаунтыма шектеу қойылды. Мынау соңғы аккаунтым. Осы аккаунттың дамуына көмектесіп жіберейік, достар”, – деп айтады. 

Желі қолданушылары блогердің бұл әрекетін әбден сынап, түрлі пікір жазып жатыр

"Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын!", "Өлетін бала молаға жүгіреді", "Сол жердің астынан шықпай қалғандарың дұрыс болар еді", "Есалаңдар", "Қарғысқа ұшырайсың", - деп жазған желі қолданушылары. 

Аталған видео әлеуметтік желіде тез тарап, көпшіліктің ғана емес, құқық қорғау органдарының да назарын аударғаны белгілі болып отыр. 

Алматы қалалық Полиция департаменті оқиғаны тексеріп жатқанын хабарлады.