Қазақстан кино индустриясы қалай өзгеруде
Соңғы он жылда әлемдік киноиндустрия нағыз революцияны бастан кешті. Кинотеатрларда төбе көрсетін Премьерді күту орнына көрермендер көбінесе оны өз үйде көруді хош көреді. Теледидар торлары мен кино билеттерінің орнына стримингке жазылулар келді. Netflix, Amazon Prime, Disney+ және Apple TV+ сияқты платформалар жаһандық кино нарығын ғана емес, Қазақстанды қоса алғанда, жекелеген елдердегі жағдайды да түбегейлі өзгертті. Бүгінде қазақстандықтар интернетте сериалдар мен фильмдерді тамашалайды, ал өндірушілердің өздері жаңа форматтарды белсенді меңгеріп, әлемдік платформалар экранына шығуға ұмтылуда.
Hollywood stars стримингте: бәрі қалай өзгерді
Сериалдар стримингтік платформалар пайда болардан әлдеқайда бұрын бүкіл әлемге өз сапасымен дүрліктірген, мысалы,ABC-тің Twin Peaks, The Sopranos, The Wiretap не болмаса, HBO-тың Game of Thrones, Breaking Bad, The Walking Dead және AMC-тің Mad Men.
Бірақ барлық жобаларда Hollywood stars қылаң бермейтін заңдылық орныққан еді. Бірақ стримингтік сервистер ойын ережелерін түбегейлі өзгертті. Басты рөлді «Оскар» иегері Кевин Спейси ойнаған Netflix-тің House of Cards сериалын жұлдыздық бақ сынаудың басы деп санауға болады. Бұл Hollywood stars теледидар үшін емес, онлайн-платформа үшін жасалған жобаға бірінші рет келісуі болды. Сериалдың табысты болуы стримингтің шетқақпай көретін тоқалдан тумағанын танытып, Hollywood stars үшін толыққанды және перспективалы аймақ екенін растады.
Следом появились Оливией Колман, Николь Кидман и Риз Уизерспун, Дженной Ортегой и Кэтрин Зета-Джонс. Даже такие киноиконы, как Леонардо Ди Каприо и Мэрил Стрип, снялись в стриминговом фильме Netflix. Apple TV+.
Іле-шала бұл дүрмекке Olivia Colman, Nicole Kidman және Reese Witherspoon, Jenna Ortega һәм Catherine Zeta-Jonesқосылды. Тіпті Leonardo DiCaprio және Meryl Streep сияқты киноқұдайлар Netflix стримингтік фильмінде ,Apple TV+ шоуларына қуана-қуана қатысты.
Сейчас границы между кино и сериалами, между стримингом и кинопрокатом размылись.
Қазақстандық көрермен өзгеруде
Осыдан он жыл бұрын көптеген қазақстандықтар үшін жұма күні кеші кинотеатрға барумен тығыз байланысты болатын, себебі бейсенбі күндері фильмдердің жаңа топтамасы прокатқа шығатын еді. Қазір отандастарымыз Netflix, YouTube, ресейлік (Start, Kinopoisk, Okko және т.б.) немесе отандық онлайн кинотеатрларды (AiTube, Qino және т.б.) тамашалағанды жақсы көреді. Бұл құбылыс әсіресе жастар арасында байқалады. Бейресми сауалнамалар бойынша еліміздегі 30 жасқа дейінгі жастардың көпшілігі стримингтік сервистерге жазылуды бір рет болса да рәсімдеген. Бұл Оңтүстік Кореядан Латын Америкасына дейінгі әлемдік контентке жол ашады және аудиторияның талғамы мен қалауын түбегейлі өзгертеді.
Сонымен қатар, стримингтер субтитрлері бар түпнұсқаны көруге, фильмді үзіліске қойып, қалаған уақытыңда жалғастырып көруге мүмкіндік береді.
Қазақ тілді кино: өсім мен сұраныс
Соңғы уақыттағы елеулі жетістіктердің бірі фильмдердің қазақ тілінегі дубляжын арттыру болды. Жақын уақытқа дейін қазақ тілді көрерменнің таңдауы болмай: фильмдер тек орыс тілінде немесе субтитрмен көрсетіліп жүрді. Бірақ жергілікті студиялар мен «Қазақ тіліндегі кино» мемлекеттік бағдарламасының арқасында жағдай мүлдем өзгерді.
Netflix және Disney өз жобаларына қазақ дубляжын қоса бастады. Атап айтқанда, "Soul," "Luka" және "Elementary" мүлтіилері (мультфильмдері) ана тілімізде дыбысталды. Бұл тілді сақтау үшін ғана емес, жаңа көрермендер мәдениетін қалыптастыру үшін де маңызды қадам еді. Қазақ тiлi қазiргi заманғы әлемдiк киноның органикалық бөлiгiне айнала алды. Оның үстіне, мұндай фильмдер шынымен де жақсы кассалар мен көріністерді жинайды. Балалары бар отбасыларда ана тіліндегі контентке деген қызығушылық байқалады, бұл - стримингтік алыптар үшін маңызды нышан.
Стриминг дәуіріндегі отандық жобалар
Қазақстандық кинематографистер үшін стриминг - бұл бір мезгілде әм мүмкіндік те, әм сын да. Бір жағынан, ілгерілеу үшін мүмкіндіктер кеңірек болды. Тіпті беймәлім режиссер жақсы идеямен және сапалы іске асырумен халықаралық платформаға түсуге үміттене алады. Өздерін веб-сериал ретінде көрсететін «Sheker» сериалының немесе Salem Entertainment жобаларының кейсін еске түсірсек жеткілікті.
Екінші жағынан, көрермендердің назары үшін бәсекелестік күшейе түсті. Егер бұрын прокатқа түскен отандық фильм автоматты түрде көрінетін болса, бүгінде оған АҚШ, Корея, Түркия және Еуропаның ауқымды жобаларымен бәсекелесуге тура келеді. Олардың бюджеттері, жұлдызды құрамы және Қазақстан нарығында да қуатты маркетингі зор. Сондай-ақ, қазақ фильмдерін қазақстандықтардың өздері стигматизациялауға септеспейді: отандық кино түрлі сапалы комедиялардың көптігінен елеулі түрде қабылданбайды.
Сондықтан қазақ киносының өз орнын іздеуі керек: өзекті тақырыптар, бірегей мәдени кодтар, стандартты емес форматтар. Сәтті мысалдардың бірі ретінде «Паралимпиадашы» фильмін айтуға болады, ол бір мезгілде әлеуметтік тақырыпты қозғап, қазақстандық кино көрермендермен тең дәрежеде сөйлесе алатынын көрсетіп, талқыланатын мәдени оқиғаға айналды.
Жаңа экран - жаңа ережелер
Стриминг бәрін өзгертетін әлемде жол жиегінде жалғыз жолаушы болып қалмау маңызды. Қазақ елінің жас режиссерлері отандық киноның табысқа жету формуласын өз үйлерінде де, шет елдерде де сынақтан өткізуде, бірақ осының барлығы үшін кинематографияны дамытуға жүйелі көзқарас пен талантты авторларды жан-жақты қолтығынан демеп қолдауы қажет етеді.
Кино индустриясы шын мәнінде ұлттан үстем жаһандық құбылысқа айналып үлгерді. Және Қазақстанның осы құбылыста судағы балықтай болуы үшін ел ішінде де, одан тыс жерлерде де өзінің жқртты тартатын кинематографиялық келбетін қалыптастыруға мүмкіндігі бар. Бұған бүкіл әлемді тамсанлырған Оңтүстіккореялықтардың мысалы үлгі бола алады. Бұл қазақ үшін бір күнде бола салмайды, бірте-бірте қол жеткізілетін мұрат.
ОА Netflix өзбектермен Әмір Темір філімі (фильмі) бойынша жұмысқа білек сыбана кірісіп кетті. Бізде қазақтың тарихи романының атасы Есенберлинді сөз етпегенле, бүгінгі күнгі қаламгерлер Ұларбек Дәлейұлының «Жошыхан», Әділбек Ыбырайымұлының Кенесары хан туралы «Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогиясы және қазақ фэнтезиінің атасы Таупық рымжановтың барша туындылары түрлендіре киноөнімге айналуға сұранып тұр.
Фильмнен кейін фильм, жобадан кейін жоба, сериал бізге қазақ тілді авторлардың шығармаларын экспортқа сатып алуға дайын деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Намысқа қанша тырыссақ та: ОА алдымызға түсіп кеткен өзбектер көрсеткен жолмен бізде барымызды базарлай білуге көшуіміз керек-ақ!?