Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағынан сәбізді әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірледі., деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Құжатқа сәйкес, жаңа және салқындатылған сәбізді Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге көліктің барлық түрімен әкетуге 3 ай мерзімге уақытша тыйым салу ұсынылады. Бұл ретте транзитке рұқсат етіледі.
Аталған шектеу елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілмек.
Бұйрық жобасы 2025 жылғы 29 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда.