Мәзір
Қоғам

Сауда департаменті қарағандылықтарға 10 айда 84 млн теңгесін кері қайтарды

Сауда департаменті қарағандылықтарға 10 айда 84 млн теңгесін кері қайтарды
Ашық дереккөздерден

Жыл басынан Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне тұтынушы құқығының бұзылу фактісі бойынша 2528 өтініш түскен, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.Өңірдегі тұтынушылардың шағымдары тұрмыстық қызметтер, яғни косметикалық, жиһаз дайындау, автокөлік жөндеу, тұрмыстық техниканы жөндеу қызметтеріне және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге қатысты.
 

- Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша 2025 жылдың басынан бері аумақтық департамент 36 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде тұтынушылардың құқығын бұзған кәсіпкерлерге 16 әкімшілік айыппұл, 10 ескерту берілді. Жалпы жыл басынан тұтынушылардың пайдасына қайтарылған қаражат көлемі 84 241 047 теңгені құрады, - деді Қарағанды облысы борйынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшы Абзал Рахымбаев.
 

Сонымен қатар 2025 жылдың 10 айында Департамент тұтынушылар құқығын қорғау бойынша 24 сот процесіне үшінші тарап ретінде қатысты. Биыл қарашада департамент қала тұрғындарының подъезді жинау қызметінің сапасына және қызмет көрсетуші жеке кәсіпкердің әрекеттеріне қатысты ұжымдық шағымын қарады. Тексеру барысында департамент мамандары тұтынушыларға қызметтің нақты орындаушысы туралы дұрыс ақпарат берілмегені, шартты бұзу тәртібінің сақталмағаны анықталды.

10-нан астам азаматтың құқығы бір мәселе бойынша бұзылғандықтан, Департамент «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 5-бабы 8-тармағына сәйкес сотқа дейінгі талап жолдады.

4 қарашада қызмет көрсетушіге шартты бұзу, қызметтен бас тартқан тұрғындар үшін есептеулерді тоқтату, қызмет көрсетуші туралы нақты ақпарат беру талаптары жіберілді. 6 қарашадағы ресми жауапқа сәйкес, шарт бұзылды, яғни 1 желтоқсаннан бастап барлық есептеулер тоқтатылды. Осылайша департамент тұрғындардың құқықығын сотқа дейін толық қалпына келтірілді.