2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап суармалы су беру бойынша «Қазсушар» РМК мен су пайдаланушылар арасындағы келісімшарттар тек онлайн форматта жасалады. Бұл шара судың «көлеңкелі нарығына» тосқауыл қою мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта министрлік өтінім қабылдау, келісімшарт жасау және төлем жүргізу үдерістерін автоматтандыруға арналған арнайы биллинг жүйесін әзірлеп жатыр. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін «Қазсушар» РМК су пайдаланушылармен электронды келісімшарттар жасайды, ал төлемдер екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асады.
Министрлік биыл қараша айында биллинг жүйесін пилоттық режимде іске қосуды жоспарлап отыр.