Мәзір
Қоғам

Сұмдық статистика: соңғы алты айда Қазақстанда жол апатынан 135 бала көз жұмған

Сұмдық статистика: соңғы алты айда Қазақстанда жол апатынан 135 бала көз жұмған

Биылғы алты айдың ішінде еліміздегі жол апаттарынан 135 бала көз жұмып, бес жарым мың бала жарақат алған. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Саян Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

«Алты айдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларынан 5,5 мыңнан астам бала зардап шекті, 135 бала қаза тапты», - деп хабарлады ресми өкіл.

Сондай-ақ, ресми статистикаға сүйенсек, алты айда 11 мыңнан астам адам көлікті мас күйінде басқарған. Олардың 158-і жол-көлік оқиғасын жасап, салдарынан 282 адам зардап шеккен, 17 адам қаза болған.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, 2025 жылдың алты айында Қазақстанда 8,5 млн әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркелген. Соның ішінде 7 млн іс көлік жүргізушілеріне қатысты болған.