ALASHORDA Мәзір
Заң мен тәртіп

«Есірткіге ішімдік ішкен адам тез салынады»

«Есірткіге ішімдік ішкен адам тез салынады»
Сурет ашық дереккөздерден алынды

Астана қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Жандос Сейтенов жастарды ескірткіден аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

«Біз Астана қаласы бойынша жасалған қылмыстарды сараптап, өз қорытындымызды шығарып отырамыз. Менің жастарға берер бір кеңесім бар. Мәселен ауылдан келген студенттер шамадан тыс еркіндікті сезініп, кейде қателік жасап жатады. Ең басты қателік, есірткі ол марихуана, гашиш немесе синтетикалық заттар ғана емес, оған біз алкогольді де жатқызамыз. Статискаға сүйенсек, көбіне есірткіге ішімдік ішкен адам тез салынады екен. Мысалы менің студент болған кезімде мықты оқыған әрі белсенді құрдастарым болған. Бірақ олар жаман топқа еріп, жаңсақ жолға түсіп кетті. Сол себепті жастар алдағы уақытта орта таңдағанда абай болулары керек.

Жалпы адамның қалыптасуына үш фактор әсер етеді. Бірінші фактор ол біздің генетикамыз, яғни мінез-құлқымыз әр түрлі болып келеді. Екінші фактор біздің ата-анамыз немесе ата-әжемізден алған тәлім-тәрбиеміз әсер етеді. Үшінші және ең негізгі фактор ол қоршаған ортаның балаға тигізетін әсері деп білемін. Себебі сіз бен біз осы қоршаған ортада өмір сүріп жатырмыз», – дейді Жандос Қалиоллаұлы.