Мәзір
Қоғам

Түркістанда мешіт азаншысы әкесін ұрып өлтірді

Түркістанда мешіт азаншысы әкесін ұрып өлтірді

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Шардара ауданында елді дүрліктірген оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Видеодан ұлының әкесін балағаттап, ұрып жатқанын көруге болады. Тіпті келіні де жүйелі түрде ұрып-соғып, қорлап келген.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, көршісі бұл сұмдықты жасырын видеоға түсіріп алған. Алайда полицияға шағымданбаған. Қария азаппен көз жұмғаннан кейін ғана видеоны жариялауға бел буған. 

Аталған жағдайға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілуге жатпайды", - делінген ақпаратта.

Кейбір деректерде әкесін ұрып өлтірген жігіттің мешітте азаншы екені айтылып жатыр.