Мәзір
Қоғам

Түзеу мекемесінде Алғыс айту күні аталып өтті

Түзеу мекемесінде Алғыс айту күні аталып өтті
Ашық дереккөз

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеде Алғыс айту күніне орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Шара барысында сотталған азаматтар арасында «Мен кімге және не үшін алғыс айтамын» тақырыбында шығарма байқаулары, туыстары мен жақындарына алғыс сөздері жазылған хаттар дайындау, сонымен қатар алғыс айту челлендж акциясы ұйымдастырылды. Шара соныңда сотталғандарға тәрбиелік «Анаға апарар жол» кинофильмі көрсетілді.

Мереке аясында ұйымдастырылған кездесулер мен шығармашылық бағдарламалар сотталған азаматтардың рухани дамуына үлес қосады.