Мәзір
Қоғам

Үш облыста көлік қозғалысы қайта жанданды

Үш облыста көлік қозғалысы қайта жанданды
Ашық дереккөз

ҚазАвтоЖол үш облыста көлік қозғалысына шектеу алынғанын жариялады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

16 ақпан сағат 09:30-да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылады: 

Ақтөбе облысы:

– «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 11-104 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Қандыағаш қаласы);

– «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы);

– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

Атырау облысы:

– «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 337-346 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).

Қызылорда облысы:

– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).