Түркияда тағы 5,3 балдық зілзала тіркелді

Түркияның Адыяман провинциясында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Сілкініс эпицентрі Гөлбашы ауданында болған, ошақ 8,13 км тереңдікте жатқан.

«Түркияның оңтүстік-шығысындағы Адыяман провинциясында 5,3 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы сейсенбі, 7 ақпанда Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Түркия басқармасы (AFAD) хабарлады. Дүмпулер жергілікті уақыт бойынша таңғы 06.13-те тіркелді», — деп жазылған Анадолы сайтында.