Қазақстан қалаларында пәтер бағасы бір жылда 41% дейін қымбаттаған
Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағасы 13%, жаңа тұрғын үйді сату құны 14% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады.
Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көш басында Семей (41%), Қызылорда (39,9%), Ақтөбе (36,9%), Ақтау (35,4%), Қостанай (30,9%) қалалары тұр.
Ал тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7%), Қостанай (51,9%), Алматы (49,6%) және Петропавл (49,3%) қалаларында тіркелді.
Баспана нарығындағы бағаның өзгеруі
пайызбен, өсуі+, төмендеуі-
1 шаршы
метрінің бағасы, теңге
2023 жылғы ақпан
Анықтама: 2023 жылғы қаңтар
2022 жылғы ақпанға
2022 жылғы желтоқсанға
2022 жылғы қаңтарға
2022 жылғы желтоқсанға
Жаңа тұрғын үйлерді сату
483 522*
14,0
1,0
14,0
0,7
Пәтерлерді қайта сату
517 278
13,0
0,8
18,7
0,3
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі
4 679
33,8
-2,4
34,3
-2,5
Бір айдың ішіндежаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2% өсті.